×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда жаңа 285 сейсмикалық станция орнатылады

05.07.2024, 09:40
Қазақстанда жаңа 285 сейсмикалық станция орнатылады
Коллаж: Ulysmedia

Үкімет мәліметтері бойынша, Қазақстанда 15 сейсмикалық аудан картасы әзірленеді. Бұл елдегі жер сілкінісі ошақтарының 70 пайызын болжауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Қазақстан үкіметі 2024-2028 жылдарға арналған сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспарын бекітті.

«Құжат елдің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру бар», - деп хабарлады Үкімет.

Хабарламада жер сілкіну қаупі бар аудандардың паспорты ең осал құрылыс нысандарын анықтауға мүмкіндік беретіні, оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіпті төмендету шаралары қолданылатыны айтылған. Сонымен қатар 285 сейсмикалық станция орнатып, қолданыстағы 70-ін жөндеу жоспарланып отыр.

«Бұл Алматы облысында және елдің басқа да сейсмикалық өңірлерінде жер сілкінісін сапалы болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қажетті шаралар жедел қабылданатын болады», - деп сендірді Үкіметтегілер.

Қазақстан аумағының шамамен 40%-ы сейсмикалық аудандарға жатады. Ең жоғары қауіп бар өңірлер қатарында Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу облыстары бар.