×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Ұшақта бұзақылық жасаған Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

05.07.2024, 10:50
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақтағы әрекеті үшін бұзақылық туралы қылмыстық істің фигуранты болды - оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жақында танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақта бүлік шығарды. Төбелес нәтижесінде басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілді. Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екеуін де бөлімшеге алып кетті. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайталап жасалған ұсақ бұзақылық - хаттама толтырылды», — деп жазды Kozachkov telegram арнасы. 

Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі - «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеген. Бұл бап бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары