Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев мына заңдарға қол қойды:
«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
Заңда оның мақсаттары мен міндеттері, адам саудасына қарсы іс-қимыл қағидаттары бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де субъектілердің құзыреті бекітілген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
Заңда алғаш рет вандализм қылмысының сараланған құрамдары айқындалды. Яғни әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себебімен, бір топ адам немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, әсіресе, қараулықпен әдейі әрі бірнеше рет вандализм жасау жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың қатарына жатқызылады.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
Балаларды, әсіресе, жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне тосқауыл қою үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жаңа баппен толықтырылды. Аталған норма жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі туралы фактілерді хабарламағаны үшін лауазымды тұлғаларға жауапкершілік жүктейді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;