×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Иранның жаңа президенті сайланды

06.07.2024, 09:24
Иранның жаңа президенті сайланды
AP Photo

Иранның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Масуд Пезешкян 5 шілдеде өткен президент сайлауында жеңіске жетіп, Иран тарихындағы тоғызыншы сайланған көшбасшы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы республиканың сайлауалды штабының өкілі Мохсен Эслами хабарлады.

Бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша реформашыл күштердің өкілі Пезешкян 16,284 миллион дауыс жинады, бұл сайлаушылардың жалпы санының 53,6 пайызын құрайды. Оның қарсыласы, консерватор Саид Джалили 13,538 миллион дауысқа ие болып, жеңіліп қалды.

Сайлаушылардың белсенділігі

Сайлау штабының мәліметі бойынша, сайлауға дауыс беруге құқығы бар 61 миллион ирандықтардың 49,8 пайызы ғғана қатысқан.

Жаңа президенттің өмірбаяны

Масуд Пезешкян - Ирандағы танымалкардиохирург, оның отбасы Әзербайжаннан шыққан. 2013 жылы ол ел президенттігіне үміткер болғанымен, кандидатурасын қайтарып алған болатын.