×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Чемпион Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеуін жолдады

06.07.2024, 15:39
Чемпион Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеуін жолдады
ашық дереккөзден

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы (15-0, 10 КО) қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Боксшы жерлесіміз әлеуметтік желі арқылы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жегі алдында жақын арада өзінің ашық жаттығуы өтетінін еске салды.

«Ертең менде медиа-күн және барлығыңызды күтемін!» деп жазды Ж.Әлімханұлы.

Еске сала кетсек, ашық жаттығу 6 шілдеде Калифорнияда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін өтеді. Жаңазеландиялықпен арадағы жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегаста өтеді.