БҚО Теректі ауданында 39 жастағы ресейлік әйел найзағай түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтаған.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.