×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан ірі мұнай экспорттаушы елдер рейтингінде 11-орынға тұрақтады

09.07.2024, 16:29
Қазақстан ірі мұнай экспорттаушы елдер рейтингінде 11-орынға тұрақтады
ulysmedia.kz

Қазақстан ірі мұнай экспорттаушы елдер рейтингінде 11 орынға шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. World's Top Exports мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан былтырдың өзінде шетелге 1 триллион доллардан асатын жанармай жөнелткен.

Қазақстан мұнайының басым бөлігі экспортқа шығады

Бізде мұнайдың 80%-ға жуығы 10 ірі кен орнында өндіріледі. Олардың ішінде Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ үздік үштікке кіреді.

Өткен жылы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 90 миллион тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндірілген. Оның 70 миллион тоннадан астамы шетелге, атап айтқанда, Италия, Нидерланд, Қытай, Корея, Румыния, Франция, Түркия, Грекия және Сингапурға экспортталған. Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Смайылов Қазақстан “Өнімді бөлу туралы келісімі” бойынша кей дүниені қадағалай алмайтынын айтады.

– Сауданың басым бөлігі экспортқа тиесілі. Өнімді бөлу туралы келісім бойынша бірқатар келісімдер мен міндеттемелер бар. Онда кен орындарына ақша құйған инвесторлар мұнайдың барлығын шетелге сатады. Яғни, біз мұнайдың бұл бөлігін қадағаламаймыз. Мұнайды игеретін және өндіретін кен орындарының 80%-ға жуығы өнімін отандық мұнай өңдеу зауытына жіберіп, сол жерде өңдейді. Одан шыққан барлық жанар-жағармай материалдары (бензин, дизель) ішкі нарыққа жөнелтіледі,- дейді ол.

Беларусьтің пластик ойыншықтары брендке айналған

Қаржы маманы Андрей Чеботарев әлем бірте-бірте баламалы қуат көздеріне көшіп жатқанын, болашақта дәл бүгінгідей қарқынмен мұнай сата алматынымызды айтады. Ол мұнайдан жоғары маржалық тауар өндіруді үйренетін кез жеткенін тағы еске салды. Шикізат сатуды емес, тауар өндірісін жолға қою сол баяғы. 

– Беларусь елін үлгі ретінде алуға болады. Еліміздегі кез келген ойыншық дүкенінен Беларусьтің пластикалық балалар ойыншықтарын кезіктіресіз. Және өте танымал брендке ие. Ал Беларусь оны сатып алатын мұнайдан жасап отыр. Яғни, олардың өз мұнайы жоқ. Бірақ олардың мұнай өңдеу зауытының арқасында олар мұнайдан пластмасса жасауды жетік меңгеріп, ал пластмассадан әлемдік бәсекеге төтеп берер ойыншық шығарып отыр, – дейді  Андрей.

Андрейдің ойын экономист Арман Бейсембаев та жалғастырды. Қазақстанға шикізаттық емес ішкі жалпы өнім үлесін арттыру қажет. Экономиканың әр саласында өндіріс пен өңдеу секторын дамыту керек. Бұл қосымша құны жоғары тауарларды шетелге сатуға мүмкіндік береді, әрі мемлекетке кірісті арттырады.

– Мұнайдың пайдасы сонша, одан бензин, мазут, әуе техникалары жанармайынан бастап, тіпті, дәрі-дәрмекке дейін бас-аяғы 150-ден астам тауар түрі шығарылады. Яғни біз тек бір мұнай өнеркәсібінің төңірегінде ғана оны терең өңдеу арқылы қуатты өнеркәсіп құра аламыз. Алайда біз мұндай игілігі көп шаруаны әлі қолға алған жоқпыз, – дейді экономист.