9 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 480,77 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Демалыс күндері доллар 3,94 теңгеге, ал бір ай ішінде 33,4 теңгеге өсті.
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа есеппен келесі валюта бағамдары белгіленген:
доллар: сатып алу – 479-481 теңге, сату – 481,7-483 теңге;
еуро: сатып алу – 519-520 теңге, сату – 523-524 теңге;
рубль: сатып алу – 5,3-5,38 теңге, сату – 5,39-5,47 теңге.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 85,37 долларды құрайды.