×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Тоқаев асыл тұқымды жылқыларды көбейту туралы заңға қол қойды

09.07.2024, 18:09
Shutterstock

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңға Қазақстан аумағында асыл тұқымды малды ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу тетіктері енгізіледі. Бұл осы саладағы асыл тұқымды жылқыларды өсіруді ынталандыру мақсатында жасалып отыр.

Енді асыл тұқымды жануарларға тұқым стандартына сәйкес келетін және заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануарлар жатқызылады.​​

Серіктес жаңалықтары