×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Журналистер дауы: Алматы сотының шешімі шықты

10.07.2024, 09:57
Коллаж: Ulysmedia

Сот дерегінше, журналист Дмитрий Шишкиннің пайдасына 200 мың теңге шығын өндіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 

Алматының Наурызбай аудандық сотында Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенованың жауапкер Дмитрий Шишкинге қарсы ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот 2023 жылдың қарашасында Шишкин өзінің Facebook парақшасында арыз берушінің ақпараттық ресурсы басқа БАҚ-тың материалдарын жариялайтыны туралы пост жазғанын анықтады.

"Арыз берушілер соттан осы мәліметтердің шындыққа сәйкес еместігін мойындауды, жауапкерді постты жоюға, ақпаратты теріске шығаруға міндеттеуді, сондай-ақ моральдық шығынды өтеуді сұрады. Жауапкер талап-арызды мойындамай, өз жарияланымының шындық екенін айтты", - деп хабарлады сотта.

Сараптама посттағы келтірілген мәліметтер ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын санатқа жатқызылуы мүмкін екенін көрсетті. Сотта мұндай фактілер анықталды.

Мысалы, Pro Tenge интернет-басылымының негізін қалаушысы және бас редакторы, куәгер Джамиля Маричева 2023 жылдың қыркүйек-қараша аралығында өзінің телеграм-арнасында үш мақала жариялағанын көрсетті. Аталған материалдардың тақырыптары мемлекеттік сатып алу сайтындағы көп деректерді ұзақ талдау арқылы әзірленген. Бірнеше сағаттан кейін осындай материалдар “О” ақпараттық ресурсында шыққан. Оның мәтіні басқа болғанымен, мазмұны бірдей, деп хабарлады сот. 

Сот шешімі Бажкенованың арыз-шағымын қанағаттандырмады, одан сот шығыны ретінде 200 мың теңге өндірілді. 

Еске сала кетсек, журналист Гүлнар Бажкенова Дмитрий Шишкинді ар-намысыма тиді деп сотқа берген еді. Бұған Шишикиннің басылымды плагиатқа айыптаған жазбасы себеп болды. 

Серіктес жаңалықтары