АҚШ долларының бүгінгі ресми бағам 480,77 теңге болып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сауалнамасына қатысқан қаржы нарығының сарапшылары шикізат нарығының қолайлы конъюнктурасы, ағымдағы операциялардың профицит шоты, сауда балансының жақсаруынан теңгенің ары қарай әлсіреуіне негіз жоқ деп санайды.
Бір жылдан соң доллардың ұлттық валютаға шаққандағы курсы 481,8 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Сарапшылардың пайымынша, теңгенің әлсіреуімен экономикада инфляция қысымы артады, бірақ базалық мөлшерлемені төмендету циклі шілде айында жалғасады.
Респонденттердің 71% базалық мөлшерлеменің жылдық 14-14,25%-ға дейін төмендеуін (қазір-14,5%), қалғандары (үштен бір бөлігі) 12 шілдедегі отырыста өзгеріссіз қалатынын күтеді.
Шілде айында Ұлттық валютаның әлсіреуі, бюджет тапшылығының артуы және реттелетін қызметтер саласында жалғасып жатқан реформаларға байланысты жылдық айналымда инфляция бағасы соңғы төрт айда алғаш рет 8,1% - ға дейін өсті.
Оқи отырыңыз: «Бір айда 33 теңге қосылды»: Доллар әлі өсіп жатыр
Мұнай: сейсенбі күні кешке мұнай бағасының динамикасы жақсарды. Трейдерлер АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) төрағасы Джером Пауэллдің мәлімдемелерін және "Берил" дауылының салдарын бағалады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Лондонның ICE Futures биржасындағы Brent сұрыпты мұнайдың қыркүйек фьючерстерінің құны Астана уақытымен сағат 20:03-тегі мәліметтер бойынша бір баррель үшін 85,66 долларды құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,1% төмен. Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) тамыз айына арналған WTI мұнай фьючерстері осы уақытқа қарай бағасын өзгертпеді және бір баррель 82,33 доллардан саудаланды.
Металдар: сейсенбі күні Азия сауда-саттығында алтын бағасы өсіп, кейбір түнгі шығындарды қайтарып алды, деп хабарлайды Investing.com. Гринвич уақытымен сағат 04:21-ге спот алтын 0,4% өсіп, бір унция үшін 2367,97 долларға жетті. Ал тамыз айында мерзімі аяқталатын алтын фьючерстері 0,5% өсіп, бір унция үшін 2374,40 долларға жетті. Күміс фьючерстері 1% өсіп, бір унция үшін 31,218 доллар болды.
Криптовалюта: Investing.com порталының мәліметіншк, Астана уақытымен сағат 17:51-де bitcoin 57 371,1 доллардан саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,79% қымбаттады, ал оның капитализациясы 1,13 трлн долларды құрады. Осы уақытқа қарай Ethereum 3 073,14 долларға бағаланып, 1,03% өсті. Бұл криптовалютаның капитализациясы 370,59 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 2,1 трлн доллар.
Теңге бағамы: Қазақстан Ұлттық банкі 10 шілдеге шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамдарын белгіледі. АҚШ долларына теңгенің ресми бағамы 9 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) екі сессияның қорытындысы бойынша белгіленді, қалған валюталарға теңгенің ресми бағамы 9 шілдедегі Астана уақытымен сағат 17:00-де қалыптасқан кросс-бағамдар арқылы есептелді.
1 Австралия доллары 323,99 теңге
1 Әзербайжан манаты 283,64 теңге
10 Армения драмы 12,43 теңге
1 Беларусь рублі 147,2 теңге
1 Бразилия реалы 87,9 теңге
10 Венгрия форинті 13,18 теңге
1 Гонконг доллары 61,54 теңге
1 Грузия лариі 176,11 теңге
1 Дания кроны 69,75 теңге
1 БАӘ дирхамы 130,9 теңге
1 АҚШ доллары 480,77 теңге
1 еуро 520,19 теңге
1 Үндістан рупиясы 5,76 теңге
1000 Иран риалы 11,4 теңге
1 Канада доллары 352,44 теңге
1 Қытай юані 66,12 теңге
1 Кувейт динары 1571,55 теңге
1 Қырғызстан сомы 5,61 теңге
1 Малайзия ринггиті 102,16 теңге
1 Мексика песосы 26,68 теңге
1 Молдова леі 27,24 теңге
1 Норвегия кроны 45,26 теңге
1 Польша злотысы 122,2 теңге
1 Сауд Арабиясы риалы 128,18 теңге
1 Ресей рублі 5,51 теңге
1 АҚҚ 635,08 теңге
1 Сингапур доллары 356,1 теңге
1 Тәжікстан сомони 45,36 теңге
1 Тай баты 13,21 теңге
1 Түркия лирасы 14,67 теңге
100 Өзбекстан сумы 3,83 теңге
1 Украина гривнасы 11,8 теңге
1 фунт стерлинг 615,91 теңге
1 Чехия кронасы 20,63 теңге
1 Швеция кроны 45,54 теңге
1 Швейцария франкі 535,5 теңге
1 Оңтүстік Африка ранды 26,53 теңге
100 Оңтүстік Корея воны 34,77 теңге
1 Жапония иені 2,99 теңге.