×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Астанада спортшыларға бөлінген 40 млн теңге қолды болған

11.07.2024, 16:29
Астанада спортшыларға бөлінген 40 млн теңге қолды болған

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы» ҚММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМА лауазымды тұлғалар 2021-2022 жылдары қу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын хабарлады.

«Іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған», - деп хабарлады агенттік. 

Агенттік дерегінше, заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады. 

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.  

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.