×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

12.07.2024, 10:31
Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында орта статистикалық қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,7% көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір жылда қаншаға қымбаттады

Finprom.kz жазуынша, былтыр алғашқы тоқсанда қазақстандықтан азық-түлік пен сусынға орташа есеппен жан басына шаққанда 123,1 мың теңге жұмсаған. Жылдық өсім 21,1% құрады. Бес жыл бұрын, яғни, 2019 жылы қазақстандықтар тамақ пен сусынға орташа есеппен 72,3 мың теңге жұмсайтын. Бұл биылғы көрсеткіштен 44,9% кем. 

Анықтама үшін айта кетсек, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтер бағасы бір жылда 9,3%, азық-түлік тауарлары 7,5% қымбаттаған. Ал тамақ пен алкогольсіз сусындар бағасы 7,2% өскен. 

Аймақтардағы жағдай

Аймақтар көрсеткішіне келетін болсақ, тамақ пен сусынға ең көп ақша жұмсайтын Алматы қаласы болып шықты. Онда бірінші тоқсанда жан басына шаққанда 181,5 мың теңге тамаққа жұмсалған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% көп. Республикадағы орташа мәнмен салыстырғанда алматылықтар тамаққа 38,2% көп ақша кетірген.

Екінші және үшінші орында Шығыс Қазақстан (152,1 мың. тг, плюс 4,1%) және Маңғыстау облыстары (146,7 мың. тг, плюс 6,7%) тұр. 

Тамаққа ең аз ақша жұмсаған Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың. тг), Ақтөбе (106,4 мың тг), Түркістан (110,4 мың тг) облыстарының тұрғындары болып шықты. 

Кей облыстар тамақты аз жейтін болған

20 облыстың ішінде тек Ақтөбе мен Алматы облыстарында тамаққа кеткен шығынның былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда азайғаны байқалады: сәйкесінше 5,1% жан басына шаққанда 106,4 мың теңгеге дейін, 4,3%  124,3 мың теңгеге дейін.

Ең үлкен жылдық шығын Жетісу облысында (19,8%, жан басына шаққанда 141,3 мың тг дейін), ең азы Ақмола облысында (1,2%, 112,4 мың тг дейін) тіркелген. 

Ақша қайда кетіп жатыр?

Қазақстандықтар азық-түлік пен сусындарға кеткен ақшаның үштен бірін ет пен ет өнімдеріне жұмсаған: жан басына шаққанда 43,3 мың теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4% көп.

Сонымен қатар нан мен жарма өнімдеріне (адам басына 20,5 мың тг, жылына плюс 8,6% ), сүт өнімдеріне (14,5 мың тг, плюс 7,7%) де көп шығын кеткен. Бестікті жеміс-жидектер (жан басына шаққанда 11,6 мың тг) мен көкөністер (8,9 мың тг) түйіндеп тұр. 

Қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге қазақстандықтар орташа есеппен бір тоқсанда адам басына шаққанда 8,7 мың теңге, майға — 6,7 мың тг, балық пен теңіз өнімдеріне — 5,9 мың тг, алкогольсіз сусындарға — 5,8 мың тг, жұмыртқаға — 3,3 мың тг жұмсаған.