Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердегі зорлық-зомбылық пен әлімжеттік туралы шағымдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды?
ҚР ҚК Бас штабы басшысының орынбасары Сәкен Жүсіпов брифингте баспасөз құралдарында Қазақстан армиясы туралы “жағымсыз фактілер” шығып тұратынын, әрі олардың “дұрыс көрсетілмегенін” айтты.
"Кейде БАҚ-та жағымсыз фактілер шығады. Бәлкім, болған да шығар, бірақ басқаша айтылып, көрсетіледі. Көбіне бізді қарулы күштерде дедовщина бар деп айыптайды. Бізде көктемгі және күзгі шақырту бар. Жедео қызметтегі сарбаздар бөлек тұрады. Жататын жерде тек бір шақырылым сарбаздары бірге тұрады. Оларды ешқашан араластырмаймыз”, – деді ол.
Деталь
Шенеунік күзгі және көктемгі шақыртылған сарбаздар кездеспейтіндіктен, “дедовщина” сөзінен бас тартуға шақырды.
Зорлық-зомбылық проблемасы туралы айтқан Жүсіпов армиядағы жас әскери қызметкерлерге “барлық жағдай жасалғанын” жеткізді.
"Дедовщина” сөзінен кету керек. Қазір жастар білімді, оларға барлық жағдай жасалған. Мобильді телефон арқылы туыстарымен сөйлесуға рұқсат беріледі, видеоконференциялар да жасалып отырады. Олар үнемі бақылауда, әскери полиция сияқты органдар олардың тұратын жерін, тамағын, басқасын тексеріп отырады. Көп мәселе шешілген”, – деді ол.
Ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин армияның видеокамералармен жабдықталғанын айтты.
"Әскери бөлімдердің барлығында видеобақылау бар. Командирлер, тәбие ісі жөннідегі орынбасарлар, қоғамдық кеңестер бар. Кез келген уақытта жағдайды тексеруге келе алатын аналар комитеті бар”, – деді ол.
Резюме
Айта кету керек, кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза тапты. Бас әскери прокурор орынбасары Мақсат Қазиев армияда кейінгі төрт жылда 90 суицид болғанын хабарлаған еді.