×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жабайылық! Алматыда автобус терезелерін таспен сындырды

15.11.2021, 16:45

Әлеуметтік желіде Алматыда терезелерінің күл-талқаны шыққан бірнеше автобустың суреті жарияланды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұл нағыз жабайылық қой”, – деп ашуланған жазба иесі “Саялы-2” шағын ауданында тас бір автобустың терезесін сындырса, екіншісінің сыртына тигенін айтады.
Тентектік ертеңінде тағы жалғасып, 25-бағдардағы екі автобустың терезесіне зақым келген.
“Екі аптада 4 автобус”, – деп шағымданған Вячеслав Павленко есімді желі қолданушысы полициядан көмек сұрады.
БАҚ-тың жазуынша, бұл мұндай алғашқы жағымсыз оқиға емес. Қараша айының басында тағы біреулер автобусқа тас жаудырылып, жергілікті тұрғындар алаңдаушылық танытқан. Полиция болса, Алатау ауданында тіркелген үш ұқсас жағдай бойынша бұзақының анықталғанын мәлімдеп отыр.
Серіктес жаңалықтары