×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

"Бурабайға" Қызыл кітапқа енген аққулар жұбы ұшып келді

13.07.2024, 14:29
"Бурабайға" Қызыл кітапқа енген аққулар жұбы ұшып келді
Ашық дереккөзден

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген аққулардың жүзіп жүргенін байқап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ерекше құстардың жұбын ұлттық парк қызметкері фото, бейнекамераға түсіріп алғын. Бұл керемет құстар біздің табиғи паркке одан әрі сұлулық пен керемет көрініс сыйлап отыр", – делінген хабарламада.

Бұл қиқылдақ аққулар – үйрек тұқымдастарға жататын суда жүзетін үлкен құс. Ол қарлы-ақ түсті және ұзын мойынымен ерекшеленеді, ал тұмсығы өзіне тән сары-қара түске ие. Ересектердің ұзындығы 150 см-ге дейін және салмағы 14 кг-ға дейін жетеді.

Ерекше қатты шығатын қиқуымен танымал бұл аққулар 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.