×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мемлекеттік бюджет, мемлекеттік сатып алу рәсімдері нақты уақыт режимінде қадағаланбақ

13.07.2024, 16:56
Мемлекеттік бюджет, мемлекеттік сатып алу рәсімдері нақты уақыт режимінде қадағаланбақ
lcprofi.ru

Қаржы министрлігі электрондық форматта бюджет қаражаттарын, мемлекеттік сатып алу рәсімдері нақты уақыт режимінде тексеруді қолға аламақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады. 

Өткізілген кеңейтілген отырысқа Комитет пен аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қатысты.

Отырыс барысында комитеттің негізгі қызмет бойынша жұмысының қорытындылары, мемлекеттік аудиттегі тәуекелге бағдарланған тәсіл, мониторингтік талдау, қаржылық есептілік аудиті, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті үйлестіру және бақылау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды.

Сондай-ақ комитет пен аумақтық департаменттердің алдына пост-аудиттен алдын алу және электрондық аудитті кеңейтуге көшу міндеті қойылды.

Жиын барысында министрліктің цифрлық орта жағдайында ІМАК нақты уақыт режимінде бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді тексеру қажеттігі де айтылды.

“Профилактикалық бақылау шараларының тиімділігін, сапасын арттыру және күшейту үшін Комитетпен цифрлық онлайн-форматта бюджет шығыстарын жоспарлау сатысында мониторинг процесін және ден қою шараларын автоматтандыру, сондай-ақ электрондық аудит функционалын қолдануды кеңейту және шарттық міндеттемелердің орындалуына және нақты уақыт режимінде бухгалтерлік есепті жүргізуге камералдық бақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі”, делінген комитет отырысының хабарламасында.