×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шынайы кәсіпкер мемлекетпен жұмыс істемейді - Әділ Нұрғожин

15.07.2024, 10:41
Шынайы кәсіпкер мемлекетпен жұмыс істемейді - Әділ Нұрғожин
Фото: Ulysmedia

Венчурлық инвестиция жөніндегі сарапшы, кәсіпкер Әділ Нұрғожин Ulysmedia.kz порталына сұхбат беріп, нағыз кәсіпкердің бейнесі қандай болатынын, баласын орыс тілінде оқуға кімдер беретінін, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелері туралы айтты. 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕН МӘН КЕТТІ

Әділ Нұрғожин “Бәйтерек” холдингінде үш жыл жұмыс істегенін есіне алып, мемлекеттік қызметке барғысы келмейтінін айтты. 

“Мемлекет жүйесінің сапасы төмендеп келе жатыр дегенді көп естідім, 2-3 жыл бойы естіп келемін. Солай шығар. Өйткені тәжірибелі мамандар басқа нәрсемен айналысқысы келіп тұр. Басқа мақсаттары, мүдделері бар. Мемлекеттік қызметке барғысы келмейді. Ол факт. Мен барғым келмейді”, деді Нұрғожин. 

Ол әр жүйенің өзіне тән олқылықтары болатынын, кей жағдайда бюрократияның болғаны дұрыс екенін жеткізді. 

“Шешім қабылдағанда бір тежеуіш болуы керек. Адам ойлануы керек, әсіресе, біліктілігі, білімі, көзқарасы дұрыс емес, деңгйі төмен болса. Бізде демократия болмағандықтан, жүйе бюрократия арқылы бізге кішкене уақыт береді бір жерден бір жерге жету үшін. Бұл уақытты дұрыс қолдана білсек, бұл біз үшін имунды жүйеге айналады”, – дейді кәсіпкер.

ШЫН КӘСІПКЕР – ТӘУЕЛСІЗ АДАМ

Ол кәсіпкердің мемлекетпен жұмыс істемей, тәуелсіз болуы керек деп ойлайтынын айтты.

“Кәсіпкерлер қоғамы, шынайы кәсіпкер адам мемлекетпен жұмыс істемейді. Ол тәуелсіз адам. Оған әрдайым мемлекеттен көмек керек болып тұрса, ол адам кәсіпкер болмауға тиіс. Мемлекеттік қызметке тұрып, жалақы алуы керек. Дегенмен, қаржы қайдан алынды, бақылау сол жерден болады”, – деді ол.