×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Ертіс Орманы" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

15.07.2024, 14:31
"Ертіс Орманы" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдіктілерге ерекше ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаумен және лауазымын теріс пайдаланумен байланысты қылмыстық топ (ҚТ) құруды және оған қатысты деген айып тағылды.

"Ертіс Орманы" бас директоры басқарған қылмыстық топ 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде Щербакты ауданы аумағында технологиялық және отындық отын түрінде іскерлік ағаш материалдарын заңсыз сату арқылы шамамен 153 млн теңге ұрлаған.

Қылмыстық топ қатысушылары сот санкциясымен қамауда отыр.