×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

ШҚО-да 140-тан астам мектеп Starlink интернетіне қосылды

15.07.2024, 17:14
Фото: au.pcmag.com

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметі бойынша, Starlink желісіндегі орташа қосылу жылдамдығы 50-ден 150 Мбит/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

Шығыс Қазақстанда 170 мектептің 141-і Starlink жоғары жылдамдықты интернетіне қосылғаны белгілі болды. Қалған мектептерде қазіргі уақытта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Деталь

Білім басқармасы өткен жылы Starlink байланыс жүйесі негізінде кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру үшін келісімшарт жасалғанын айтты.

Артықшылықтары

"Starlink жүйесінің басты артықшылықтарының бірі – интернет байланысының жоғары жылдамдығы. Starlink желісіндегі орташа қосылу жылдамдығы 50-ден 150 Мбит/с-қа дейін барады, бұл шалғай және ауылдық аудандардағы дәстүрлі мүмкіндіктерден едәуір асып түседі", - делінген хабарламада.

Жоғары жылдамдықты интернет ауылдық мектептерге заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл білім сапасы мен оқушылардың мүмкіндіктеріне оң әсер етеді.

Серіктес жаңалықтары