×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды-Балқаш автобаны. 5 жылда 50 км жол әрең бітті

15.07.2024, 19:05
Қарағанды-Балқаш автобаны. 5 жылда 50 км жол әрең бітті
Алексей Старков и QazAvtoJol

Қарағанды – Балқаш автобанының Қарағанды – Ақбастау учаскесіне жататын 50 шақырым жолындың құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24kz сайтының мәліметіне қарағанда, көлік қозғалысы 4 жолақ бойынша ашық. Күре жол құрылысы биыл жыл соңына дейін толық бітуі тиіс.

Қарағанды – Балқаш автобанының жалпы ұзындығы 363 шақырым. Құрылыс 8 учаскеге бөлінген. Бұған дейін бұл жолда көлік қозғалысы тек екі жолақпен ғана жүзеге асырылды. Міне, бүгін Қарағанды – Ақбастау учаскесіне жататын 50 шақырым жол толық ашылып отыр.

Жалпы бұл автобанмен тәулігіне 18 мың көлік жүріп өтеді. Ал демалыс күндері 2 есе көп.

Бұл жұмыстар жылдың аяғында бітуі тиіс учаске еді. Бүгінгі күні соны ертерек тапсырып жатырмыз. Бұл учаске 1-і техникалық категориялы, 4 жолақты. Жобада барлық қауіпсіздік шаралары түгелдей дерлік қаралған – дейді ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев.

Қарағанды – Балқаш жолының құрылысы 5 жыл бұрын басталған. Құрылыс кестеден кешікті. Орталық – Оңтүстік дәліз саналатын күрежол еліміз үшін үлкен маңызға ие. Қазір жол бойында 6 асфальт-бетон зауыты бар. 450 техника мен 700 адам жұмылдырылған. Жол бойында 46 көпір және өткелдер салынған. Сондай-ақ 18 санитарлық бекет болады.