×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда газ бағасын көтеру қажет - Сәтқалиев

16.07.2024, 12:14
Қазақстанда газ бағасын көтеру қажет - Сәтқалиев
ulysmedia.kz

Энергетика министрлігінің деректері бойынша Қазақстандағы тауарлық газдың орташа құны 1000 текше метр үшін 33 169 теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не айтылды

Үкімет отырысы барысында Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев газдың бағасы туралы айтты. Оның айтуынша, қазір тауарлық газдың құны мың текше метрге 33 169 теңгені құрайды.

Алайда, сонымен бірге тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңгені құрайды.

Кезең кезеңімен көтеріледі

"Газ саласына инвестициялар тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу ескеріле отырып, газ бағасының кезең - кезеңімен көтерілуі талап етіледі", - деді Сатқалиев.

Сондай-ақ, ол үш жыл ішінде ішкі нарықта газды сатудың залалсыздығына қол жеткізу жоспарланып отырғанын, бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабуға мүмкіндік беретінін айтты.

Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы 1 шілдеден бастап өскені хабарланған болатын.

Сонымен қатар, 2024 жылдың мамыр айында Қазақстанда сұйытылған газды әкетуге тыйым салу ұзартылды.