×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Бишімбаев әлі түрмеге ауысқан жоқ

18.07.2024, 12:43
Коллаж: Ulysmedia

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын қандай жағдайда өтейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚШАУЛАУ ОРНЫНДА

ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков брифингте Бишімбаевтың әлі түрмеге ауыстырылмағанын, қазіргі уақытта оқшаулау орнында екенін хабарлады.

"Сотталған Бишімбаев қазіргі уақытта тергеу изоляторынан ҚАЖ мекемесіне әлі жөнелтілген жоқ. Жақын күндері бұл мәселе шешіледі. Бекіту жоспарына сәйкес, оған максималды қауіпсіздік белгіленген және ол жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді ол.

ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ

Шенеунік экс-министрдің басқа барлық сотталғандар сияқты жағдайда жазасын өтейді деп сендірді. 

ҚАЖК басшысы алдымен оны карантинге жіберетінін, содан кейін түрмеде Бишімбаевпен тәрбиешілер мен психологтар жұмыс істейтінін айтты.

"Бишімбаев кәдімгі сотталған адамдармен бірдей. Ол келгенде, оны зерттейміз. Карантиннен кейін тиісті отрядқа орналастырамыз. Одан әрі онымен тәрбие жұмысы жүргізіледі, сосын жұмысқа орналастырылады. Онымен психологтар жұмыс істейді. Қарапайым сотталғандармен жүргізілетіндей кешенді іс-шаралар оған да қолданылады", - деп қосты спикер.

Жұмысқа орналастыру туралы айта келе, Жәнібеков Бишімбаевты ағаш немесе металл өңдеу жұмыстарына тартуы мүмкін екенін хабарлады.

 "Біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз, өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыстар бар. Ол "Еңбек" РМК-да жұмысқа орналаса алады, мысалы, ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша. Бәрі бос орындарға байланысты. Әрбір мекемеде жұмысқа орналастыру бөлімі бар", - деп түсіндірді шенеунік.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары