×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

«Құмтөр» алтын кеніне қатысты Қырғызстанның тағы бір экс-премьері ұсталды

16.09.2021, 20:29
«Құмтөр» алтын кеніне қатысты Қырғызстанның тағы бір экс-премьері ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Жоомарт Оторбаев «Құмтөр» кен орнын игеру жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Тергеу әрекеттері мен іс бойынша алынған айғақтардың нәтижелеріне сүйене отырып тергеу Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Джоомарт Оторбаевты ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы шешім қабылдады.Тергеу Оторбаев Қырғызстан премьер-министрі болған кезде Су кодексінің талаптарын бұза отырып, Құмтөр кенішінің бас жоспарына экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігінің комиссиясына қысым көрсеткенін анықтады. Қырғызстан Кумтор Голд Компани шетелдік компаниясының мүддесі үшін бұйрықты қабылдап, Лысый мен Давыдов мұздықтарын одан әрі жоюға келісім берген», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Оторбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайды.

Жоомарт Оторбаев 2014-2015 жылдары Қырғызстан премьер-министрі болды.

Қырғызстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 1992-2019 жылдар аралығында «Қырғызалтын» ААҚ -ның жекелеген шенеуніктері мен басшылығы канадалық Cameco, Centerra Gold Inc., сондай -ақ Kumtor Operating Company мен «Kumtor Gold Company» ЖАҚ өкілдерімен заңсыз және тұрақты қарым-қатынас орнатып, материалдық және басқа да пайданы заңсыз алу үшін «Құмтөр» алтын кен орнын игеру бойынша Қырғызстанға қолайсыз болып көрінген келісімдерге қол қойған.

Бұрынғы премьер -министрлер Өмірбек Бабанов, Мұхаммедқалый Абылғазиев пен Темір Сариев тергеуде. 2005 жылы билік ауысқан соң елден қашып кеткен Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтан да куәгер ретінде жауап алынды. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде жауап алғаннан кейін ол босатылды.