×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Киіз үйдегі би: оқиға жалғасын тапты

19.07.2024, 09:13
Киіз үйдегі би: оқиға жалғасын тапты
Видео кадры

Қазақстан Бас прокуратурасы депутат Самат Мұсабаевтың киіз үйде дәстүрлі қазақ киімін киген биік өкшелі жігіт пен жартылай жалаңаш қыздардың билеп жатқан даулы бейнежазбасына қатысты сауалын қарастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген видео қоғамда кең резонанс тудырды.

ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒАЛАУ

Бас прокуратура 2024 жылдың 1 шілдесінде Қарасай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты тудыру») сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Кінәлі деп танылған жағдайда, бейнежазбаға қатысушыларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Бейнежазбаға қатысушылардың ниеттері мен себептерін нақтырақ анықтау үшін психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіледі. Бұл қатысушылардың әрекеттері қандай да бір алауыздықты қоздыруға бағытталғанын анықтауға көмектесуі керек.

КИІЗ ҮЙДЕГІ БИ

Бұған дейін қазақстандық блогер және хореограф Әлішер Сұлтанбекұлы киіз үйде биік өкшемен би билеген.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірінше, "бейнероликтің мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен дәстүрлеріне қайшы келеді".​​