×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Күрделі жағдай емес": "Самұрық-Қазына" ҚТЖ-ның 2,9 трлн теңге қарызы туралы

19.07.2024, 13:19
"Күрделі жағдай емес": "Самұрық-Қазына" ҚТЖ-ның 2,9 трлн теңге қарызы туралы
ҚТЖ

«Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов компания ҚТЖ-ның 2,9 триллион теңге қарызын айтарлықтай күрделі жағдай деп санамайтынын айтты. Ал Жоғары аудиторлық палатасы корпоративтік басқарудың қолданыстағы әдістері мен «Самұрық-Қазына» АҚ даму стратегиясы еліміздің ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын шешуге қауқарсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Айтарлықтай күрделі мәселе жоқ”

«Жоғарғы есеп палатасы атап өткен ҚТЖ-ның негізгі қарызы 2,9 трлн теңге локомотивтер мен жолаушылар вагондары паркін жаңартуға тартылды. Жалпы алғанда, компанияның қаржылық тұрақтылығы оның қандай да бір қиын жағдайда екенін көрсетпейді. ҚТЖ өз қарыздарына қызмет көрсетеді және тұрақты төлемдерді жүзеге асырады. Мұны агенттік рейтингтері де растайды», - деді Айдар Рысқұлов. 

Ол қазір EBDA коэффициенті негізінде қаржылық рейтингті төмендетудің оң үрдісі байқалатынын атап өтті.

«Қазір ҚТЖ алдында үлкен міндеттер мен үлкен инвестициялық бағдарлама тұр. Ол алдағы бес жылда инфрақұрылымдық жобаларға шамамен 3-4 триллион теңге тартуды болжайды. Бірақ басты мәселе – көлік субсидиялары. Негізінен барлық жүктердің 73 пайызы өзіндік құнынан төмен тасымалданады. Соңғы бір жылда ҚТЖ 330 миллиард теңгеден кем түсті. Осының салдарынан ҚТЖ инфрақұрылымды жеткіліксіз қаржыландырады», - деді ол.

Ол қазір мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеп жатқанын айтты. 

“ҚТЖ қарызына қатысты айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Мұның бәрі инвестиция тарту қажеттілігін ескере отырып, басқарылатын дәлізде», - деп түйіндеді сөзін Айдар Рысқұлов.

ЕСЕП ПАЛАТАСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» АҚ үшін көңіл көншітпейтін болжам айтты. Оның сөзінше, ҚТЖ арқылы жүк айналымы өз құнынан 73 пайыз төмен, шығын 907 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, ол ҚТЖ өз міндеттемелерін төлей алмай отырғанын, несиелік тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрғанын, компанияның биылғы жылдың басындағы берешегі 2,9 трлн теңгені құрайтынын және оның өсіп жатқанын атап өткен.

«Қаржылық және техникалық жағдайын жақсартудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру қажет. Сонымен қатар, қолданыстағы корпоративтік басқару әдістері мен «Самұрық-Қазына» АҚ даму стратегиясы еліміздің Ұлттық темір жол компаниясының дағдарысын болдырмауға қауқарсыз . Активтердің жай-күйінің одан әрі нашарлауы, қарыздардың жиналуы және басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз оларға қызмет көрсетудің мүмкін еместігі ҚТЖ дефолтына әкеледі», - деп есептейді ЖАП.