×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда такси қызметі қымбаттады

19.07.2024, 16:46
Қазақстанда такси қызметі қымбаттады
Pixabay

Ресми статистика деректері бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері такси қызметтерінің бағасы 4,7% өскен, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда такси қызметін пайдаланған адамдар саны 35,6 млн жолаушыға жетіп, 37,6% өскен.

"Жолаушыларды такси арқылы тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,8% жоғары. Жыл басынан бері такси қызметтерінің бағасы 4,7% өсті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда inDrive және Яндекс Go жүргізушілерін жылдамдықты асырғаны үшін жұмыстан шеттететіні туралы хабарланған болатын.

МЕМОРАНДУМ ТАЛАПТАРЫ

Көлік министрлігі жылдамдық режимін жиі бұзатын inDrive және Яндекс Go жүргізушілері тапсырыстарды орындаудан шеттетілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл шаралар inDrive және Яндекс Go компанияларымен қол қойылған меморандумда қарастырылған.

Меморандум мобильді қосымша операторларының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауды көздейді.

Сонымен қатар компаниялар биыл ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың жеке қажеттіліктері мен балалар орындығы қажеттілігі туралы хабарлауға мүмкіндік болатынына сендірді.