×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға заңмен тыйым салынды

19.07.2024, 17:01
Бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға заңмен тыйым салынды
Фото: vzglyad.uz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жарнама туралы" заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Құжатқа сәйкес, елде мистикалық қызметтер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға тыйым салынды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент әкімшілігі түсіндіргендей, заңның мақсаты — азаматтардың санасын оккульттік, сиқырлы және басқа да сенімсіз әдістермен манипуляциялауды болдырмау. 

Жогорку Кенеш маусым айында оккульттік-мистикалық қызметтерді жарнамалауға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады. Заң жобасының бастамашыларының бірі - депутат Марлен Маматалиев.

Заң қабылданғаннан кейін ҚР Министрлер кабинеті жарнамасына тыйым салынатын оккульттік-мистикалық қызметтердің тізімін анықтауы керек.​​