×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Темекі шеккені үшін Олимпиада ойындарынан шеттетілді

20.07.2024, 10:30
Ашық дереккөзден

Спорттық гимнастикадан Жапония құрамасының капитаны Секо Мията ел заңы мен команда ережесін сақтамай темекі шеккені үшін ұлттық құрамадан шеттетіліп, Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

19 жастағы гимнаст Монакодағы оқу-жаттығу кезінде темекі шегіп ұсталған және келесі күні ол команданың ашық жаттығуына қатыспаған. Кейіннен құрамадан шеттетіліп, еліне қайтарылғаны белгілі болды. 

Жапония заңдары бойынша елде 20 жасқа толмағандарға алкоголь ішу мен темекі шегуге тыйым салынған. Ал бұл заң ұлттық құрама спортшылары өзге елде жүргенде де күшінде болады.

Серіктес жаңалықтары