×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Солтүстік Аралдың су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті

20.07.2024, 13:13
Ашық дереккөзден

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысындағы екі күндік жұмыс сапары кезінде Солтүстік Аралдың су көлемі 27,1 млрд текше метрге жеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы ведомство басшысы өзінің Telegram-арнасында бөлісті.

Арал ауданының тұрындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берген министр Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатқанын жеткізді.

“Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті”, деді министр жұмыс сапарының қорытындысында.

Сондай-ақ сала министрі теңізге өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатқанын мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберіліп жатыр. Былтыр секундына 6 текше метр су келген болатын. Бүгінде Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су келіп жатқандықтан осындай нәтижеге қол жеткізілді. Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, су жіберу кестелері бекітіліп, қазіргі таңда келісімге сай су келіп жатыр”, деді министр Telegram-арнасындағы жазбасында.

Серіктес жаңалықтары