Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында ата-анасынан адасып қалған балаға көмекке келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған қыз бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен.
“Құтқарушылар партрульдеу кезінде баланы көлдің жағалауынан тауып, оны ата-анасына табыстады. Бала медициналық көмекке мұқтаж емес”, делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды, өзіңізді және жақындарыңызды сақтауыңызды сұрайды!