×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана тұрғыны бірге тұратын әйелді өлтіріп, өзі харакири жасамақ болды

22.07.2024, 16:07
Астана тұрғыны бірге тұратын әйелді өлтіріп, өзі харакири жасамақ болды
Фото: ашық дереккөзден

21 шілде күні Астана тұрғыны бірге тұратын әйелді өлтіріп, кейін харакири әдісімен өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 CMN.KZ хабарлауынша, оқиға күдіктінің пәтерінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бұрын сотты болған  67 жастағы адам бірге тұрып жүрген әйелмен сөзге келіп, жанжал кезінде оны пышақтаған. Әйел қаза тапты. 

“Ер адам сонымен тоқтап қалмады. Берілген ақпарат бойынша, ол Жапонияда танымал ортағасырлық әдіс – харакириге жүгініп, өзіне қол салмақ болған”, – деп жазады басылым. 

Қаруды полиция қызметкерлері тәркілеген. Қылмыстық іс ҚР ҚК “Кісі өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр.