"Асыл бесік - Ақсуат" атты спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік сыйлады. Бұл туралы белгілі меценат Дулат Тастекей жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ал журналист Гүлбану Әниятқызы ақынның эмоцияға ерік бергенін жазды.
“Ақсуат жұрты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік сыйлапты. Ақын емес пе, эмоцияға беріліп қалтасындағы барын халыққа шашып жатыр. Тіпті, пиджагына дейін шешіп беріпті. Ал журналистер этика бойынша депутатқа сыйлық алуға болмайды деп жатыр. Ринат жеті күн ішінде көлікті сатып, ақшасын бюджетке құюы керек екен”, – деп жазды журналист.
Заң бойынша Зайытовтың осы көлікті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөліміне тапсыру үшін жеті күн уақыты бар.