×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Бағалы қағаз басына пәле болды

22.07.2024, 19:01
ашық дереккөзден

Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы мақсатында мәмілелер жасағаны үшін жеке тұлға Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 259-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметіне қарағанда, аталған тұлға өзінің өтінімі бойынша екі брокер арқылы 6 күн ішінде нарықтың бір компаниясының акцияларымен 9 мәміле жасағаны анықталды. Бұл бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға және Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына қайшы келеді.

Жасалған мәмілелер бағалы қағаздар нарығындағы сауда көлеміне айтарлықтай әсер еткен.

Прокуратураның ден қою актісі бойынша сот кінәлі тұлғаға 2,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары