YDD Corporation зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 31 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен қызметкерлерінің бірін құтқару мүмкін болмады. 1993 жылы туылған, 85% терең дене күйігі бар, осы уақыт ішінде өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Ulysmedia редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Иманды болсын.