Қонаев қаласында әскери бөлімнен қашқан екі сарбаз жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тәртіпті бұзған екі әскери қызметкерге қатысты әкімшілік іс қаланың мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
«Биылғы 8 шілдеде Н. мен М. аға сержанттың бекітілген жоспарды бұзбау туралы ауызша бұйрығына әдейі бағынбағаны анықталды. Сол күні кешкі сағат 20:00 шамасында олар ескертусіз әскери бөлімнің аумағынан шығып, Алатау қаласына қашып кетті. Сот шешімі бойынша Н. мен М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлайды облыстық сот.