×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024, 13:28
Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің рақымшылық туралы өтінішіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Бұған дейін ҚР президенті жанындағы комиссия Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартқан болатын.

"Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті", - деп хабарлады президент әкімшілігі.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қабылданған шешім туралы хабарланды.

МӘСІМОВ ІСІ

2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға насихаттады және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.

Сот тағайындаған түпкілікті жаза – 18 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айыру. ҰҚК-нің бұрынғы басшысының орынбасарлары – Садықұлов, Ерғожин, Осипов – сәйкесінше 16, 15 және 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Төртеуі де арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Мемлекет пайдасына 10 млрд теңгеден астам қаражат және 24 млн АҚШ доллары өндіріп алынды.

Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.