Тимур Оңжанов Qazaqstan Investment Corporation компаниясының жалғыз акционерінің өкілі, директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Бәйтерек" Ұлттық холдингі – Qazaqstan Investment Corporation-ның жалғыз акционері.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Тимур Оңжанов "Бәйтерек" Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
Тимур Оңжанов – Нұрлан Оңжановтың ұлы, ол 2022 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанның Германиядағы Елшісі қызметін атқарады. Бұған дейін Нұрлан Оңжанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған.