×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Спортты дамыту дирекциясының басшысы сотталды

24.07.2024, 07:22
Спортты дамыту дирекциясының басшысы сотталды
ашық дереккөз

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаржысын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, еншілес тұлғалармен оларды жалға алу туралы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасау арқылы оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған.

Оған көмектескен дирекция қызметкері де сотталды.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, дирекцияның бұрынғы басшысы 5 жылға, ал оның көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында