×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

290 млн теңге залал: Алматыда үлескерлерді алдаған алаяқ сотталды

24.07.2024, 10:31
290 млн теңге залал: Алматыда үлескерлерді алдаған алаяқ сотталды
Фото: Pixabay

Прокуратураның мәліметінше, үлескерлерді 290 млн теңгеге алдаған алаяқ әйел жеті жылға жуық мерзімге сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ КОМПАНИЯ

Алматы прокуратурасы 2022 жылы Flora City Stroy компаниясының директоры әлеуметтік желілерде және арнайы сайттарда екі тұрғын үй кешенінің құрылысын жарнамалай бастағанын хабарлады. Алайда оның құрылысқа рұқсаты болмаған.

Кейін ол алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарын жасасып, 34 үлескердің 290 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

СОТ

Сот оны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Тәркіленген жер телімдері жәбірленушілердің залалын өтеу есебінен іске асырылады.

Алматы прокуратурасы азаматтарды жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде сақ болуға және рұқсат беруші және құқық белгілеуші құжаттардың бар-жоғын тексеруге шақырады.