×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қарағандыдағы өрт: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

24.07.2024, 21:34
Жасанды интеллект

Қарағанды қаласындағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы өрттен зардап шегіп, ауруханада өте ауыр халде жатқан тағы бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Осыдан екі күн бұрын денесін 85% күйік шалған Музафар Исмаилов та көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары