×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

25 шілдеде күн күрт ысып, өрт қаупі сақталады

25.07.2024, 00:53
Ашық дереккөзден

"Қазгидромет " РМК бейсенді, 25 шілдеге арналған ауа райының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, 25 шілде күні күндіз Қызылорда, Жамбыл,  Алматы, Түркістан, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтіліп отыр.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық күтіледі.
 
“Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Ұлытау облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі”, делінген “Қазгидрометтің” хабарламасында.

Сондай-ақ Маңғыстау  Атырау облыстарының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында,  оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының  оңтүстігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары