×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Жас жігіт өлгеннен кейін де төрт адамды құтқарып қалды

25.07.2024, 07:14
Жас жігіт өлгеннен кейін де төрт адамды құтқарып қалды
ашық дереккөз

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік дорнорға ота жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырар.тв арнасының мәліметіне қарағанда, жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізілген соң қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасы төрт науқастың өмірін құтқарып қалмақ.

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек, өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады. Айта кетейік, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсатын берген.

Бір бүйрек облыстық клиниклалық аруханада қалады, жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бір бүйрегі Алматыға, өкпесі мен бір бүйрегі Астана қаласына жіберіледі. Түркістан облысы бойынша тарихта алғаш рет болуда мәйіттен ағза алу отасы өтуде – деді республикалық трансплантау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.