×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Казахавтодор» монополиясының шегі: Жолды тазалау міндеті әр облыстың өзіне берілмек

17.11.2021, 10:03
«Казахавтодор» монополиясының шегі: Жолды тазалау міндеті әр облыстың өзіне берілмек
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс қабырғасында журналистер Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұловқа «Казахавтодор» компаниясының монополиясына қашан шектеу қойылатынын сұрады. Қазір облыстардағы жолдарды тазалау жұмысына сол компания ғана жауапты болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Келесі жылы бір ойымыз бар министрлік жағынан: облыс-облысқа бөліп, әр өңірде конкурс өткізіп, өңірлердің өзінде жолды тазалау, ұстау, сақтау қызметін береміз», - деді Бейбіт Атамқұлов мәжілістің кулуарында.

Айта кетсек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 1266 қаулысына сәйкес «Казахавтодор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылған. Кәсіпорынның негізгі міндеттері – жол саласында бірыңғай техникалық және нормативтік саясатты жүзеге асыру, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жүйесін және оның бойындағы құрылыстарды басқару, жолдардың құрылысы мен жөндеудің барлық түрлеріне тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру. Осыдан үш жыл бұрын кәсіпорын жекешелендіріліп, жеке компанияға айналған.