×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақстандық оқушы 45 шетелдік жоғары оқу орнының грантын ұтып алды

26.07.2024, 15:43
Фото: gov.kz

Тағы бір түркістандық оқушы 45 шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰБТ-да 133 балл жинаған Дамир Аюпов әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды.

"Облыс орталығындағы №15 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Дамир Аюпов 45 шетелдік жоғары оқу орнының грантын ұтып алды. Ол АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландия жоғары оқу орындарының студенті атануы мүмкін", – делінген хабарламада.

Ол ағылшын тілін қалай үйренгені және шетелдік жоғары оқу орындарынан қалай шақырту алғаны туралы айтып берді.

"Досым Чехияға оқуға түсті. Мен де шетелде оқығым келді. Бұл үшін ағылшын тілі қажет екенін білдім, дайындық тобына жазылдым. 10-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап шет тілін тереңдетіп оқыту курсында оқи бастадым. Жарты жылда менің IELTS деңгейім 6,5-ке жетті. Мектепте география, математика, ағылшын тілімен айналыстым. IT саласын таңдауға шешім қабылдадым. Бірақ 11-сыныпта пікірімді өзгерттім – мейрамхана бизнесін басқаруды зерттегім келді. Сөйтіп, география мен ағылшын тіліне назар аудардым. 45 шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алдым", – деді Дамир Аюпов.

Жігіттің айтуынша, оны 2,5 миллион теңге стипендиясы бар университеттер де шақырған. Бірақ өзі Еуропаны таңдапты.

Серіктес жаңалықтары