×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

ХОК басшысы Оңтүстік Корея президентінен кешірім сұрады

28.07.2024, 12:22
ХОК басшысы Оңтүстік Корея президентінен кешірім сұрады
globallookpress.com

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Елюден Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында диктордың қателігі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бах не үшін кешірім сұрады 

Диктор Оңтүстік Корея делегациясын екі рет "Корея Халықтық Демократиялық Республикасының"өкілдері деп атаған. Бұл – Оңтүстік Кореямен текетіресіп жүрген коммунистік Солтүстік Кореяның ресми атауы.

Телехабар титрында қате болған жоқ. Оңтүстік Кореяның ресми атауы – "Корея Республикасы" деп жазылды. Бұл – мемлекеттің ресми атауы. Алайда Сена өзені бойында спортшылар шеруі кезінде делегацияларды таныстыру барысында қателікке жол берілген.

Президентке қоңырау

Оңтүстік Кореяның спорт министрлігі ресми наразылық білдірді. ХОК қатені мойындады. Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтта корей тілінде кешірім жарияланды. Кейіннен Бах Оңтүстік Корея президентіне жеке кешірім сұрау үшін қоңырау шалған. ХОК басшысы ұзақ уақыт бойы екі мемлекетке бөлінген Германия азаматы ретінде корей халқын түсінетінін атап өткен.

ХОК сонымен қатар Олимпиада туы ашылу салтанаты кезінде төңкеріліп көтерілгеніне өкініш білдірді. Ұйымның өкілі Марк Адамс төрт сағаттық шоу барысында қателіктерге жол бермеу қиын екенін атап өтеді.