×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

"Діннің" пиарына пайдаланып жатыр". Спортшыларды кімнен қорғау керек?

29.07.2024, 10:19
"Діннің" пиарына пайдаланып жатыр". Спортшыларды кімнен қорғау керек?
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі қолданушылары Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың сөз саптамынан секем алып жатыр, олардың наным-сенімі жайлы сын пікірлерде айтылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАБА САҚАЛ , ҚЫРМА МҰРТ ҚАУЫМ БАУЫРЫНА БАСЫП АЛҒАН...”

Журналист Ербол Жанатұлы Елдос Сметовтің "Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен" дегеніне ол чемпион болған соң көпшілік үндемегенін, қоғам атағы мен билігі бар адамды сынай алмайтынын жазды.

“Асланбек жеңіліп қалғанда "Аллаһтың қалауы солай болды" деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім. Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды. Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы - халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз”, – деп жазды журналист.

СПОРТШЫ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫН ҚОРҒАУҒА МҰҚТАЖ...

Журналистің ойынша, дін өкілдерінің чемпиондарды меншіктеп, әлеуметтік желіде жаппай жазба қалдыруы жас спортшыларға жасырын месседж.

"Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара. Ал, спортшы - көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы - көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған. Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам! Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы - мемлекет!”, – деп жазды Ербол Жанатұлы.

Тағы бір желі қолданушысы бокстан команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің журналистерге берген жауабын місе тұтпады. Бас бапкерге базынасын жеткізді.

“Айналайын, Мырзағали бауырым, айттым ғой, "қарсыласының қолында өлуге дайын, көзінен от шашып тұрған жігіттерді апармасаң, жеңістің ауылы алыс" деп? Не деп тұр мына капитан өзінің жігерсіздігін Құдайға жауып?!”, – деп жазды Өмірзақ Ақжігіт. 

“КӘСІБИ СПОРТШЫНЫҢ СӨЗІ”...

Блогер Аршат Оразов Әбиба Әбужақынованың сөздеріне назар аударған. Ол палуан қыздың өз әрекетіне кәсіби баға бергенін айтады.

«Әбибаның жеңілістен кейінгі сөздерін естідіңіз бе? Ешқандай Алла, дін, дұға, қолдау емес, нақты себептерін айтты. Профи спортшының сөздері. Өзінің кем тұстарын, жарақатын, қарсыластың ыңғайсыздығы мен оның жарақат тұсын жақсы пайдаланғанын айтты. Өзінің кемшілігін де, қарсыластың мықтылығын да жақсы біліп тұр. Нағыз спортшының сөздері!», - деп жазды ол.

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған болатын.