1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында Жақсылық Үшкемпіровпен бірге грек-рим күресінен Шәміл Серіков те алтын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Балуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979) 1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
6 жасар жас баланың бойындағы талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шәміл Серіковті өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде ол төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді.
1972 жылы Алдабергенов Алматыдан көшіп кетуіне байланысты Шәмілді өзінің әріптесі Александр Жарковқа тапсырады.
ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
Өзінің үлкендер арасындағы алғашқы чемпионатында сәтсіз өнер көрсетеді. Дегенмен келесі жылы өткен Иван Поддубный Мемориалында әлем және олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңеді. Көпшілік мұны кездейсоқ жағдай деп бағалаған болатын. Алайда Шәміл келесі жылы КСРО чемпионатында жеңімпаз болады. Одан жеңілген балуандардың ішінде Константинов та болады. Бұл жол жеңіс айқын басымдықпен өткен болатын. Әлем чемпионатына Шәміл Серіков аттанады.
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Шәміл Серіков әлем чемпионатында бұрынғы әлем чемпионы поляк Юзеф Липенмен кездеседі. Одан кейін италиялық Антонио Кальтабианоны жер исіектеді. Финалда ФРГ палуаны Паскуале Пасареллиді 29:9 есебімен жеңеді. Финалда мұндай басымдықпен жеңіске жеткен палуандар болмаған.
Келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем чемпионатын да жеңеді. Алайда КСРО біріншілігінде тек 7 орынға тоқтайды.
МӘСКЕУ ОЛИМПИАДАСЫ
Мәскеу олимпиадасында алты ол кездесу өткізеді. Алтауын да айқын басымдықпен жеңген. Алайда олипиада жеңісінен кейін жас дарын қабілетінен айырылып қалады. Күрестен шаршайды. Кейін КСРО ұлттық құрамасына өте алмағандықтан, Қазақстан біріншілігіне қатысып, 1982 жылы Қазақстан чемпионы атанады.
1989 22 қарашады Шәміл Серіков өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден өтеді.
“ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫН ТАБА АЛМАДЫ”...
Профессор Пётр Матущак кейінірек спортшы туралы очеркінде былай деп жазады:
«Ол өте ашық-жарқын адам еді. Есте сақтау қабілеті тамаша болатын. Біздің танымал спортшыларымыздың тағдыры – біздің жан дүниеміздегі ауыртпалық. Олардың өмірі өте қиын. Серіков біздің арамызда өмір сүріп, еңбек етті. Ол өз ісіне бар жан-тәнімен берілген, өте қарапайым адам болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл өмірде өз орнын таба алмады. Спорттық мансабын жалғастыра алмады және көптеген жауапсыз сұрақтар қалдырып кетті».