×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ұлттық парктерге кіру тегін» деген ақпарат жалған болып шықты

30.07.2024, 12:33
«Ұлттық парктерге кіру тегін» деген ақпарат жалған болып шықты
Фото: Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Ұлттық парктерге кіру ақысы алынып тасталды» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрге сұрақ

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы таяуда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Өзгеріс туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеген.  Сол тұста көп басылым елдімекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ақысын төлеуден босатылатынын хабарлаған еді. 

Әйтсе де, таяуда «Ашық НҚА» порталында ұлттық парктерге кіру тарифі туралы ақпарат шығып, Марқакөл, Үстірт, Алакөлде парктеріне кіру тарифі жөнінде ақпарат шыққан. Демек, “тегін болады” деген сөз жалған ба? Ұлттық парктердің дәл жанында тұратын тұрғындар, шаруа бабымен парк аумағына жиі кіріп тұрады. Олар да тариф бойынша ақы төлеуі керек пе? Ulysmedia.kz тілшісі осы сұрақты Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа қойды.

Жауап

– Бізде екі түрлі төлем болды. Оның бірі – салық. Ол ұзақ мерзімге дейін қолданғаны үшін салынды. Ол тікелей бюджетке түсетін ақша. Бүгін салық кодексінде сол салықты алып тастады. Ал екінші жағы бар – қызмет үшін төлем қалды. Бағана айтқан салығымыз 0,1 АЕК болды. Ал қызмет үшін нақты айта алмаймын, мәселен Алматының басындағы Іле-Алатау паркінде ол жерде кісі басынан 200 теңгеден алады. Көлсай мен Шарында 500 теңге алады, – дейді ол.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, бұл қаражат сол парктің күнделікті жұмыс істейтін адамдардың жалақысына, туристік жалғызаяқ жолдарды абаттандыру, жөндеуге жұмсалады. Яғни, арнайы шотқа түскен қаражат паркті ұстап тұруға бағытталады. “Тегін деген дұрыс емес. Төлемнің біреуін алды да, біреуі қалды” дейді министр.