×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

«18 млн теңге алған»: Түркістанда департаменттің экс-басшысы сотталды

30.07.2024, 15:10
Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан қалалық соты жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласын соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор хабарламасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан өңірінде жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы А. Мырзаевқа, оның сыбайласы  
А. Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Б. Жетпісовке үкім шыққанын хабарлайды. Ресми мәлімет бойынша, Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылған.

Ақшаны қалай иемденген

Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталған. Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденген.

Үкім 

Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа 7 жыл және Жетпісовке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Үкімді жария ету Түркістан қаласының жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өткен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.